• Главная
  • Өткен жылы Атырауда интернет алаяқтықтың 720-дан астам дерегі тіркелген
10:00, 28 января 2023 г.

Өткен жылы Атырауда интернет алаяқтықтың 720-дан астам дерегі тіркелген

рixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

рixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Былтыр тіркелген 720-дан астам интернет алаяқтық істің бүгінде 130-ы ашылып, әлі тергеу жұмыстары жүруде. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Закарьян Разгалиев мәлім етті деп хабарлайжы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда биыл интернет алаяқтық 10%-ға өскен. Бұл деректің жыл санап өсуіне тұрғындардың сеңгіштігі себеп дейді мамандар және халықты сақ болуға шақырады. 

-Өткен жылы тіркелген деректердің басым көпшілігі тауарды онлайн сатып алу және онлайн несие рәсімдеу туралы болған. Соңғы кездері интернет алаяқтық кең қоғамдық резонанс тудырып тұр. Былтыр олардың саны 9,7%-ға өскен болса, биыл қаңтар айы бойынша 10%-ға артып отыр. Бүгінде банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, несие рәсімдеу жөніндегі алаяқтық ерекше белең алып тұр. Бұл дерек бойынша өткен жылы 70-тен астам қылмыс тіркелді. Тұрғындардың жаппай алаяқтарға алданбауы үшін үнемі сақтық шараларын, түсіндіру жұмыстарын назардан тыс қалдырмағанбыз. Алайда, бұл істің азаяр түрі жоқ,- деді З.Разгалиев.

Сондай-ақ ҚР-ның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Атырау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Асланбек Қабесов, алаяқтардың құрығына түспеу үшін қандай сақтық шараларын қолдану керек екенін атап өтті.

-Сізге қоңырау шалып, бірден ақша жайында әңгіме қозғаған адамға, ол өзін кім болып таныстырса да сенбеңіз. Бейтаныс адамның айтқанын істеп, ол айтқан нұсқауларды орындамаңыз, әсіресе оған өзіңіз туралы ақпарат бермеңіз. Күмән туғызатын қосымшаларды жүктемеңіз. Егер ақшаңыздан айырылып қалмайын десеңіз және сіздің атыңызға «бөтен адамның» кредитін ресімдегенін қаламасаңыз, ешбір жағдайда дербес және төлем деректеріңізді ешкімге бермеу керек, - деді А.Қабесов.

Сонымен қатар оның кеңесіне сүйенсек, егер бейтаныс нөмірден қоңырау шалып, төлем жасауға немесе белгілі бір сайтқа өтуге ұсыныс білдірсе, бірден сабыр сақтап, сарапқа салып, ойлануға уақыт бөлу қажет. Сондай-ақ банк саласын жақсы білетін мамандардың кеңесіне жүгіну керек. Банктің байланыс орталығына немесе ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің call-орталығына «1459» нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #интернет алаяқтықтың
Объявления
live comments feed...