18:04
Вчера
Фото РСК Атырау
- Бүгінде Индербор кенті мен Елтай ауылдық округіндегі бөгеттерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Бөдене және Ынтымақ ауылында да осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған 18 техника мен 25 жұмысшы жұмылдырды. Ал қалған Жарсуат, Өрлік, Есбол, Көктоғай, Құрылыс ауылдарында келісімшартқа отыру шаралары жасалуда,- деді Ш. Габбасов.
Айта кетейік, республикалық маңызы бар тасжолы мен Индербор кентін байланыстыратын 7 шақырым жолды жөндеу жұмысының 90%-ы аяқталды. Онда төрт мал өткелі салынып, қосымша бір суағар құбырлары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары биыл сәуір айында аяқталады деп жоспарланып отыр.