
16:16, 21 января 2025 г.
Жылыой ауданындағы Құрсай каналы мен Жем өзенінің 65 шақырымы тереңдетілді

Фото РСК Атырау
Жалпы ұзындығы 95 шақырымды құрайтын жоба аясында Құрсай каналы – 46,1, ал Жем өзені – 48,9 шақырымға тереңдету, сондай-ақ 61 шақырымдық бөгет салу жоспарланған.
Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде Құрсай каналының 34,6 шақырымы, ал Жем өзенінің 30,8 шақырымы тереңдетіліп, 61 км құрауы тиіс бөгеттің үштен бірі аяқталды.
- Бұл жұмыстар 2024 жылы тамызда басталды. Бөгет Жем өзені жағасынан бастап Құлсары қаласын қоршап салынуда. Жалпы іске 450 адам мен 204 техника жұмылдырылды. Тасқынның алдын алу жұмыстарын көктемге дейін аяқтамақпыз, - деді Н. Құсайынов.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:27
Вчера
18:35
18 сентября
17:57
18 сентября
18:07
17 сентября
18:08
16 сентября
17:38
16 сентября
Объявления
11:29, 18 сентября
53
11:32, 10 сентября
11:29, 18 сентября
15
11:07, 14 сентября
12