
13:07, 18 декабря 2024 г.
Атырау облыстық ауруханасындағы травматология бөлімшесі жыл басынан бері 19 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті

Изображение Dmitriy Gutarev с сайта Pixabay
Бөлімше дәрігерлерінің көмегіне күн сайын 60-қа жуық азамат жүгінеді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Әсіресе, мұнда медициналық көмекке мұқтаж боп келетін азаматтардың саны ауа-райы күрт өзгерген кезде артады. Соңғы үш күн ішінде 200-ге жуық азамат дәрігерлердің қабылдауында болып, медициналық көмек алған.
- Біз науқастарға алған жарақатының дәрежесіне қарай медициналық көмек көрсетеміз. Көбіне бізге биіктен құлау, жол көлік оқиғасы салдарынан туындаған түрлі дене жарақатымен келеді. Қазіргі уақытта Атырауда ауа-райы өзгеріп, адамдардың жүріп-тұруы қиындады. Сондықтан тұрғындарға сақтық шараларын естен шығармай, абайлау керектігін ескертеміз, - деді облыстық аурухананың травматолог дәрігері Бауыржан Айтжанов.
Бүгінде Атырау қаласында 2 травмотология бөлімше (облыстық және балалар ауруханасы) тәулік бойы, үзіліссіз жұмыс істейді. Оған қоса тұрғындар 1309 CALL орталығына хабарласа алады.
Анықтама үшін: 2023 жылы облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне 19 мыңға жуық азамат келген, ал биыл олардың саны 500 науқасқа артқан.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:24
23 сентября г.
13:13
22 сентября г.
12:39
22 сентября г.
12:27
21 сентября г.
18:35
18 сентября г.
17:57
18 сентября г.
18:07
17 сентября г.
Объявления
11:32, 10 сентября г.
11:07, 14 сентября г.
12
11:29, 18 сентября г.
22
11:29, 18 сентября г.
53
11:29, 18 сентября г.
15