• Главная
  • Былтыр тексеру комиссиясы өңірден 53,8 млрд теңге болатын бухгалтерлік кемшілікті анықтады
16:00, 23 марта

Былтыр тексеру комиссиясы өңірден 53,8 млрд теңге болатын бухгалтерлік кемшілікті анықтады

фото: rscatyrau

фото: rscatyrau

Былтыр тексеру комиссиясы өңірден 53,8 млрд теңге болатын бухгалтерлік кемшілікті анықтады 

Бұл туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының уақытша міндетін атқарушы Нұрбол Қонысов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Былтыр бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілікті жасақтаудағы кемшіліктердің сомасы 53,8 млрд теңгені құрады. Соған байланысты тексеру комиссиясы бекітілген тізбеге сәйкес былтыр 58 мемлекеттік аудит объектілерінде 15 аудиторлық іс-шара өткізді. Мемлекеттік аудит нәтижесімен жұмыстарды орындау, тауарларды жеткізу, бюджетке өтеу, сонымен қатар бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілікті сәйкес келтіру жолымен 57,4 млрд теңге қалпына келтірілді, - деді Н.Қонысов.

Сонымен қатар ҚР заңнамасы нормаларының сақталмауынан анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы - 27,1 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 4,4 млрд теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы - 4,2 млрд теңге және тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы - 18,5 млрд теңге.

-Талдау көрсеткендей, аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтардың айтарлықтай үлесі бюджет кодексінің және бухгалтерік есептілікті жүргізу нормаларының сақталмауынан болған. Аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындылары мен нұсқамаларында 47 ұсыныс пен 274 тапсырма берілді. Оның ішінде 18 ұсыныс пен 187 тапсырма толық көлемде орындалды, - деді Н.Қонысов.

Оның айтуынша, жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 39 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Уәкілетті органдарға шара алу үшін 118 аудит матреиалы жолданып, нәтижесінде 38 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы - 4,3 млн теңге айыппұл салынған.

-Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге ықпал еткен негізгі себептер мен жағдайлар бюджет заңнамасының, бухгалтердік есептілікті жүргізу қағидасының, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың және басқа құжаттардың тиісінше сақталмауынан болған. Жалпы тексеру комиссиясымен өткізілген барлық аудиторлық іс-шаралар облысымыздың қаржылық саласын нығайтуға, бюджет қаражатын мақсатты, тиімді жұмсауға бағытталған. Осыған байланысты бұдан әрі қарай да жұмыстар өз жалғасын табады, - деді Н.Қонысов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #разное
Объявления
live comments feed...