• Главная
  • Биыл көктемгі су тасқынын жою үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд 374 млн теңге қарастырылған
13:15, 24 февраля

Биыл көктемгі су тасқынын жою үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд 374 млн теңге қарастырылған

Биыл көктемгі су тасқынын жою үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд 374 млн теңге қарастырылған

Аталған суммадан төтенше резервке – 1 млрд 358 млн теңге бөлінсе, шұғыл шығындарға – 1 млрд 16 млн теңге қаралып отыр. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Руслан Шариев пен Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Асыланбек Хафизұлы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылы су тасқынының салдарын жоюға 17 тонна жанар-жағар май, 48,5 тонна инертті материалдар (ПГС, топырақ және т.б.) және 25 мыңнан астам қапшық, 69 дана шатыр, 5 мыңнан астам төсек жабдықтар әзірленді.

-Бүгінгі күні Атырау облысы аумағында су басу қаупі тұрақты. Су басудың алдын алу және облыс аумағында су тасқынынан болатын ықтимал залалды азайту мақсатында департаментпен «Атырау облысы аумағында 2024 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық, оны өткізу және ықтимал залалды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленіп, облыс әкімімен бекітілген болатын. Сол бекітілген жоспар бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп отыратын болады,- деді Р.Шариев.

Сонымен бірге А.Хафизұлы облыста көктемгі су тасқыны қаупі төнетін учаскелерді және олардың себептерін атап өтті.

-Облыс аумағында көктем мезгіліндегі су тасқынының көлемі негізінен Жайық, Ойыл, Қиғаш, Жем және Сағыз өзендерінің жоғарғы бассейндеріндегі күзгі топырақтың ылғалдылығына, қардың және ылғалдың қорына байланысты болады. Бұған қоса, Ресей Федерациясының Оренбург облысындағы Ирикла су қоймасынан мөлшерден тыс артық суды жіберуі және Жайық өзеніне құятын басқа да өзендердің мол сулылығы өзен бойындағы елді мекендерге су басу қауіптерін тудырады. Сонымен бірге Ресей Федерациясының Волгоград облысындағы Волгоград су қоймасының мөлшерден тыс артық суды жіберуі Құрманғазы ауданындағы Қиғаш, Шора өзен салалары бойында су тасқыны қаупін туғызады. Қазіргі таңда Атырау облысының аумағында су тасқыны жағдайы бірқалыпты, - деді ол.

Оның айтуынша қазіргі уақытта су тасқыны жағдайының алдын алу үшін 1153 адам дайын болса, 303 бірлік техника, 16 бірлік жүзу құралы және 107 бірлік мотопомпа дайындалып, қалыпқа келтірілген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #разное
Объявления
live comments feed...