17:47
12 сентября
Өңірлік коммуникациялар қызмет
Жарыс Атырау облыстық кикбоксинг федерацияның қолдауымен ұйымдастырылып, оған Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысты.
Нәтижесінде 1 орынды Атырау, 2 орынды Ақтөбе, 3 орынды Жамбыл облысы иеленді. Нақтырақ айтсақ, Атырау тоғыз алтын, төрт күміс, 13 қолаға қол жеткізсе, Ақтөбе төрт алтын, бес күміс, тоғыз қоланы қанжығалады. Ал Жамбыл төрт алтын, екі күміс, алты қолаға ие болды. Сондай-ақ Маңғыстау үш алтын, жеті күміс, тоғыз қоланы, Түркістан үш алтын, төрт күміс, бес қоланы иеленді.
Айта кетейік, аталған жарыс 13 ақпанда басталған болатын.