18:02
Вчера
Қар мен еріген қар суынан алдымен әлеуметтік нысандар, жол, мектептер, медициналық мекемелер тазартылуда. Қала тұрғындарынан келіп түскен 238 өтініш негізінде жаңбыр суы сорылып, қар шығарылды.
Еріген суды соруға 39 вакуум, қар шығаруға 36 жүк тиегіш пен 93 КамАЗ жұмылдырылды.
Сондай-ақ, қала тазарту жұмысына ірі мұнай компанияларынан 129 арнайы техника тартылды.
11 ақпан мен 14 ақпан аралығында 50 мың текше метрден астам еріген су мен қар шығарылып, жолдарға 102 тонна реагент себілді. Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр.