• Главная
  • Атырауда өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды
10:10, 17 января

Атырауда өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Өңірдің 9-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланып, жүлдегерлер марапатталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, жүлдегерлерге жылы лебізін білдірді.

- Облысымыздың соңғы жылдардағы қорытындыларына зер салсақ республика бойынша олимпиада көрсеткіштері едәуір жақсарып, бүгінде үздік үштік құрамалардың қатарына қосылудамыз. Бұл өңірдегі білім сапасының артып, ізденімпаз жастардың қатары толысқанының дәлелі. Олимпиаданың білім беру ісіндегі маңыздылығы бәріңізге белгілі. Осы додада тайсалмай бақ сынаудың өзі үлкен жеңіс. Сіздерді бүгінгі жетістіктеріңізбен құттықтай отырып, алар асуларыңыз биік, болашақтарыңыз жарқын болуына тілектеспін, - деді Ж.Бисембиев. 

Айта кетейік, республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 11 облыстық мектептен, 7 аудан және қала мектептерінен 750 оқушы қатысып, бақтарын сынаған болатын.

Білім додасын қорытындылай келе, 231 оқушы олимпиада жүлдегері атанды. Оның ішінде, 43 оқушы жүлделі I орынмен марапатталды. Ал 72 қатысушы II орынды және 116 үміткер III орынды иемденді. 

Сондай-ақ 11-сынып оқушыларының арасынан 13 жас түлекке Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің гранты, 6 оқушыға Атырау мұнай және газ университетінің білім гранты табыс етілді.

Сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен облыстық білім беру ұйымдары анықталды. Нәтижесінде, «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» атағымен І орынды №1 «Білім-Инновация» лицей-интернаты мен Атырау қалалық білім бөлімі қанжығалады. Жүлделі ІІ орынды №3 «Білім-Инновация» лицей-интернаты және Жылыой аудандық білім бөлімі бөлісті. Ал Облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясы мен Құрманғазы аудандық білім бөлімі III орынмен марапатталды.

Құрманғазы ауданы М.Ломоносов атындағы орта мектебі мен Жылыой ауданы №18 М. Сатыбалдиев атындағы орта мектебіне «Үздік олимпиадалық ауыл мектебі - 2024» атағы және Атырау қаласы №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейіне «Үздік олимпиадалық қала мектебі - 2024» атағы берілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #республикалық олимпиада
Объявления
live comments feed...