• Главная
  • Өңірде 15 қаңтарда «Бақытты отбасы-Атырау» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталады
12:00, 16 января

Өңірде 15 қаңтарда «Бақытты отбасы-Атырау» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Құжаттарды қабылдау осы жылдың 15 қаңтары мен 10 ақпан аралығында жүргізілмек, бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Қатысушылар 6 санатқа бөлінеді:

Қатысушылар санаттары:

- Көпбалалы отбасылар;

- Толық емес отбасылар;

- Мүгедек балалары бар немесе оларды асырап отырған отбасылар;

- Тұрғын үй кезегінде тұрған және ерлі-зайыптылардың біреуінен айырылғаны туралы растайтын құжаты бар азаматтардың барлық санаттары;

- І,ІІ топтағы мүгедектер;

- Жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.

Бағдарламаның шарттары:

- Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі -5% (ЖТСМ 5,2% бастап)

- Бастапқы жарна 0% бастап;

- Несиелеу мерзімі 19 жылға дейін;

- Төлем қабілеттілігін міндетті түрде растау;

- Бастапқы/қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алу (бастапқы нарықтан сатып алынатын тұрғын үй пайдалануға берілген болуы тиіс немесе «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігімен үлестік тұрғын үй құрылысына қатысу жолымен салынып жатқан тұрғын үй болуы тиіс). 

Қажетті құжаттар тізіміне жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, неке туралы куәлік (неке бұзу туралы), туу туралы куәліктің тұпнұсқа мен көшірмесі, барлық отбасы мүшелеріне мекенжай анықтамасы, мүмкіндігі шектеулі  болған жағдайда мүгедектігі туралы анықтама, барлық отбасы мүшелеріне Қазақстан бойынша меншік құқында тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы Ф-1 анықтамасы кіреді. 

Құжаттарды тапсыру немесе толық ақпарат алу үшін Атырау қаласы, Азаттық даңғылы №101а мекенжайындағы, №3 терезесі қызмет көрсетуге дайын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #"Бақытты отбасы-Атырау"
Объявления
live comments feed...