• Главная
  • Қызылқоға медицинасы 5 жаңа автокөлікпен толықты
10:00, 11 января

Қызылқоға медицинасы 5 жаңа автокөлікпен толықты

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың соңында келген жаңа медициналық көліктер қатары тағы да 5 көлікпен толықты, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев салтанатты жағдайда Жангелдин, Жасқайрат, Қоныстану, Қаракөл, Тасшағыл дәрігерлік амбулаториясына алынған жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.

-Ауданының медициналық мекемелеріне келген көліктер алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсетуді жақсартуға, денсаулық саласын одан әрі дамытуға оң әсер етпек. Біз ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру үшін жұмыстарды одан әрі жандандыратын боламыз,- деді Ж.Есенғалиев. 

Жаңа «ГАЗ Соболь» автокөліктерінің бір ерекшелігі жол талғамай құмды жерлер мен шалғай ауылдарға еш қиындықсыз қатынай алады. Науқастарды тасымалдауға арналған көліктің іші жататын орынмен және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Қызылқоға ауданы #автокөлік
Объявления
live comments feed...