• Главная
  • Атырауда құтқарушылар былтыр 450-ден астам авариялық құтқару жұмыстарын жүргізді
18:00, 9 января

Атырауда құтқарушылар былтыр 450-ден астам авариялық құтқару жұмыстарын жүргізді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Өткен жылы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 450-ден астам авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жедел-құтқару жасағының басшысы Әділхан Жұмалиевтің айтуынша, 200-ге жуық іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарына, 180-ге жуық полиция қызметкерлеріне көмек көрсету үшін шақыртылып, есік ашу жұмыстарын жүргізген. 

- Есік ашу жұмыстары пәтерде тұрғынның науқастанып, өздігінен әрекет ете алмауы, кішкентай балалардың кілттеніп қалуы себепті жүргізілді. Біз ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмай, әрдайым бақылауда ұстауды ескертеміз. Сонымен қатар балаларыңызға өз еркімен балконға, терезенің алдына шығуына, москит торына сүйеніп тұруына, тұрмыстық электр құрылғыларын, шәйнек, үтік немесе жылыту құралдарын қосуына рұқсат етпеуін сұраймыз. Оларға құрылғыларды пайдалану қағидаларын үйретіп, қандай қауіп төндіретіні туралы түсінік жұмыстарын жүргізу қажет, - деді Ә.Жұмалиев.

Сондай-ақ ол, «112» құтқару қызметінен келген SMS хабарламаларға аса назар аударып, төтенше жағдайдың куәсі болған жағдайда немесе өзіне қауіп төнсе 112 нөміріне хабарласу керектігін ескертті.

Айта кетейік, аталған жұмыстар барысында жыл басынан бері 111 ересек адам мен 61 бала құтқарылып, құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде науқас адамдарға алғашқы көмек көрсетілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #авариялық-құтқару жұмыстары
Объявления
live comments feed...