• Главная
  • Атырау облысында 11 мектептің құрылыс жұмысы жүргізілуде
10:00, 5 января

Атырау облысында 11 мектептің құрылыс жұмысы жүргізілуде

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бұл туралы облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

2023 жылы білім беру саласы бойынша жалпы 28 мектептің құрылыс жұмыстары басталған болатын. Оның ішінде бүгінде қаладағы үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін екі BINOM мектебі салынып, пайдалануға берілді. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жайлы мектептің алтауы Атырау қаласында, екі мектеп Құрманғазы ауданында және бір мектеп Жылыой ауданында.  

- Қазіргі таңда 6 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Олар Құлсары қаласындағы 300 орындық №5 орта мектеп, Атырау қаласы Жаңаталап ауылындағы 300 орындық мектеп-интернат, Махамбет ауылындағы 300 орынға арналған интернат пен 600 оқушыға арналған мектеп, Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепке 350 орындық жапсаржай, Аққыстау ауылынан 320 орындық кәсіптік лицей мен 100 орындық жатақхана және Атырау қаласы М.Жұмабаев атындағы 300 орындық орта мектеп, - деді Н.Құсайынов.

Сондай-ақ оның айтуынша, қазіргі таңда 11 мектептің құрылысы жүруде. Олар Атырау қаласы Көктем, Өркен ықшам аудандары мен Бірлік, Еркінқала, Ақжар ауылдарындағы 600 орындық, Талқайраң ауылындағы 900 орындық, Құлсары қаласы Береке мөлтек аудандағы 600 орындық, Индер ауданы Есбол ауылындағы 320 орындық орта мектеп, Индер ауданы Индербор кентіндегі 300 орындық мектеп-гимназия мен 200 орындық интернат, Құлсары қаласындағы №20 орта мектепке 180 орындық, Индер ауданы Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 120 орындық жапсаржайы.  

Сонымен қатар оның айтуынша, биыл Ы.Алтынсарин атындағы №11 мектептің орнына 2000 орындық мектеп салынады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #мектеп құрылысы
Объявления
live comments feed...