• Главная
  • Жаңа жыл қарсаңында Атырауда 30 сәби дүниеге келді
18:00, 3 января

Жаңа жыл қарсаңында Атырауда 30 сәби дүниеге келді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

31 желтоқсан сағат 9.00-24.00 аралығында перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан 30 сәбидің 14-і қыз, 16-сы ұл бала, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ал 1 қаңтар күні 00.00-16.00 арлығында орталықта 5 сәби өмірге келсе, олардың 4-і ұл, 1-і қыз бала. 

Сондай-ақ желтоқсанның 31-і күні сағат 15.20-да Атырау қаласында егіздер дүниеге келді. 

Аудандар бойынша 1-қаңтарда Индер мен Құрманғазыда бір-бір сәбиден өмірге келген. 

Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында.

Жаңа жыл қарсаңында облыс бойынша 52 бригада, қалада 32 бригада, 104 фельдшер мен 52 жүргізуші тәулік бойы медициналық қызмет көрсетті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жаңа туған нәрестелер
Объявления
live comments feed...