• Главная
  • Құрманғазы ауданында 25 орындық үш медициналық пункт пайдалануға берілді
14:00, 28 декабря 2023 г.

Құрманғазы ауданында 25 орындық үш медициналық пункт пайдалануға берілді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Медициналық пункттер «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Алтыншы, Шағырлы, Кадырка ауылдарында салынды. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысып, жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауылдық денсаулық сақтау саласын дамытудың бағдарламасы бекітілді. Соның аясында өңірде бірнеше медициналық нысандардың құрылысы басталды. Биыл соның үшеуі Құрманғазы ауданының шет елді мекендерінде ашылып отыр. Олардың қатарында Шағырлы ауылындағы медпункт те бар. Бұрын ауыл тұрғындары медициналық көмекке жүгіну керек болса, аудан орталығына не болмаса қалаға барып емделетін. Енді олар тиісті медициналық көмекті өз ауылдарында ала алады. Жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігіне жарасын!- деді Қ.Нұртаев.

Бір қабатты медициналық пункттің жалпы ауданы – 266,35 шаршы метр. Ғимарат егу, материал жинау, перфорациялық зерттеу, дезинфекциялық заттарды дайындау және сақтауға арналған бөлмемен жарақталған. Сонымен қатар дәріхана, техникалық қызметкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелер де бар.

Аталған нысандардың тапсырыс берушісі - Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Бас мердігер - «БатысСтройСервис» ЖШС.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Құрманғазы ауданы #медпункт
Объявления
live comments feed...