• Главная
  • Атырауда архившілер күні атап өтілді
14:00, 27 декабря 2023 г.

Атырауда архившілер күні атап өтілді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда 22 желтоқсан - архившілер  күніне орай «Архив – өңір тарихының қазына қоймасы» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы қатысып, маман иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

- Бүгін облыстық архивтің 95 жылдығымен, ҚР «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының 25 жылдығымен сіздерді құттықтаймын. Жұмыстарыңыздың қаншалықты маңызды, жүйелі екенін білемін. Біз күнделікті өмірдің күйбең тіршілігінде архившілердің жұмысын бағаламауымыз мүмкін. Дегенмен, «Құжатсыз - тарих жоқ, тарихсыз - мемлекет, ұлт жоқ» демекші, біз қандай да бір ескі құжаттарды сөйлеткіміз келген кезде бұл саланың маңызын түсінеміз. Қазақта «шашасына шаң жұқтырмай» деген сөз бар, әрбір құжаттың қапталып, дұрыс сақталуына, жүйелі түрде бүгінгі және ертеңгі күнге жетуінде сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Өңіріміздің тарихын сақтауға, оны ғылыми айналымға енгізуде атқарып жүрген еңбектеріңізге алғысымды білідіре отырып, сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін. Әр істеріңіз берекелі болсын, - деді Н.Жеңісбекұлы.

Сондай-ақ ол, бірқатар сала мамандарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің марапаттарын табыстады. Атап айтсақ, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының «Архивтер ісін қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы Самал Құмарғалиева мен Атырау облысы мемлекеттік архивінің «Ұлттық архив қорын толықтыру және ведомстволық архивтермен жұмыс» бөлімінің басшысы Райхан Нұржановаға «Архив саласының үздігі» төсбелгісін тақты.

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет Грамотасымен»  Атырау облысы  мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру және ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімінің архивисі Жанат Жетпісбаева, ал «Алғыс хатымен» Индер аудандық филиалының архивисі Салтанат Еримбетова марапатталды.

Жиында сала ардагерлері мен қызметкерлеріне Атырау облысы әкімінің, облыстық Ардагерлер кеңесінің, облыс мәслихатының, облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасының және Атырау облысы архивінің «Алғыс хаттары» тапсырылды. Сондай-ақ бірқатар архившілерге «Еңбек даңқы» медалі табыс етілді.

Айта кетейік, іс-шара барысында Атырау облысы мемлекеттік архивінің қор құжаттарынан дайындалған «Сурет - тарих» атты құжаттық көрменің таныстырылымы өтті. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Мұрағатшылар күні
Объявления
live comments feed...