• Главная
  • Атыраулық боксшы IBA әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды
14:00, 8 декабря 2023 г.

Атыраулық боксшы IBA әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Армения астанасы Ереванда ұлдар мен қыздар арасында өткен IBA әлем чемпионатында қыздар арасында атыраулық боксшы Гауhар Зәрден 50 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жалпы 58 мемлекет бақ сынаған додаға 26 қазақстандық қатысса, соның бірі – атыраулық Г.Зәрден болатын.  

- Қараша айының 11-і мен 21-і аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Сонда әлем чемпионатына кім жолдама алатынын шешу үшін спарринг болды. Сайыста Атырау қаласының қызы Гауhар Зәрден 50 келі салмақта жеңімпаз атанып, Қазақстан құрама командасымен бірге әлем чемпионатына барып, бақ сынады. Ол 24 қараша мен 4 желтоқсан аралығында болды. Чемпионатта Г.Зәрден бірінші сайыста Эстонияның, екінші сайыста Мексика елінің спортшысын жеңіп, жартылай финалға өтті. Онда Ресей қатысушысымен сайысқа түсіп, есе жіберіп алдық. Гауhар Зәрден әлем чемпионатынан III орын алып, қола жүлдеге ие болды, - деді аға жаттықтырушы Әлібек Көшенов.

Айта кетейік, Гауhар Зәрден 2022 жылы Иордания астанасы Амманда өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #боксшы #қола медаль
Объявления
live comments feed...