• Главная
  • Жылыой ауданында қос бірдей саябақ ашылды
20:00, 30 ноября 2023 г.

Жылыой ауданында қос бірдей саябақ ашылды

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Құлсары қаласының 7-ықшам ауданында «Ынтымақ» саябағы және Тұрғызба акылында «Жастар» саябағы халық игілігіне берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған саябақтарды «Орталық Азияның Еуразия қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Теңізшевройл» компаниясының қаржылай қолдауымен ауыл тұрғындары өз күштерімен салып отыр.  

-Бұл жобаға биыл үшінші рет қатысып отырмын. Ауылымызды көркейтуге арналған осындай жобаның жүзеге асып жатқанына қуаныштымыз. Осы жолы ауыл тұрғындарының бос уақыттарын жақсы өткізуі үшін осындай «Жастар» саябағын салдық. Ауыл жастарының сүйікті орнына айналатынына сенемін,- деді ауыл тұрғыны Мұратбек Ағылов. 

Саябақтардың іші жарықтандырылып, тас төселген және орындықтар қойылған. Сондай-ақ «Жастар» саябағына түрлі жеміс талдары егіліп, абаттандырылған болса, «Ынтымақ» саябағына спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар қойылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Жылыой ауданы #саябақтар
Объявления
live comments feed...