• Главная
  • Атырауда «ASU Cup» атты облыс студенттері арасында волейболдан турнир басталды
11:00, 30 ноября 2023 г.

Атырауда «ASU Cup» атты облыс студенттері арасында волейболдан турнир басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін «Atyrau Students Union» жобасы аясында «ASU Cup» атты облысымыздың белсенді студенттері арасында  волейболдан турнир басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараны облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жастар таңдауы - Атырау» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Аталған бірлестіктің ұйымдастырушысы Ерболат Балабаевтың айтуынша, бұл іс-шара жастардың басын бір арнаға біріктіру мақсатында өткізілуде.

- Біз 2017 жылы «Atyrau Students Union» атты облыстық деңгейдегі студенттердің бір арнаға тоғыстыру мақсатында ұйым ашқан болатынбыз. Сол жобаның төңірінде алғаш рет осы «ASU Cup» волейбол турнирін ұйымдастырдық. Жалпы, волейбол бұл жерде себепкер. Негізгі мақсатымыз - әр оқу орнындағы белсенді студенттердің басын қосып, бір-бірімен кездестіріп, араластыру. Осы мақсатта күні бүгінге деін бірқатар жобаларды өткіздік. Атап айтсақ, студенттер арасында күрестен «Студент барысын» өткізген болатынбыз. Және шахматтан дәстүрлі түрде жарыс жыл сайын өтіп отырады. Бұл іс-шараларды ұйымдастыру нәтижесінде бүгінде өңір жастары бір-бірімен тығыз байланыста, - деді Е.Балабаев.

Турнирге өңірдегі жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттік парламент мүшелері, яғни, жастар ісі комитеті мамандары, студенттік көшбасшылардан құралған барлығы 14 команда қатысып, 100-ден астам студент атсалысуда.

Турнирдің финалы 29 қараша күні өтіп, жеңімпаздар анықталады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #волейбол #"ASU Кубогы"
Объявления
live comments feed...