• Главная
  • Биыл өңірде үй жануарларынан түрлі ауруларға қарсы 7 689 сынама алынды
18:00, 28 ноября 2023 г.

Биыл өңірде үй жануарларынан түрлі ауруларға қарсы 7 689 сынама алынды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Республикалық ветеринарлық зертханасы» Атырау облыстық филиалының басшысы Айжан Дәулетиярова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жыл сайын жануарлардың аса қауіпті ауруларына серологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зерттеулер жүргізіліп отырады.

Осы жылдың 10 айында бруцеллез ауруына 237 633 мүйізді ірі қара, 694 942 қой-ешкі, 27 593 түйе малдары тексерілді. Нәтижесінде 190 мүйізді ірі қара, 767 қой-ешкі және 4 түйе малының талдауы оң нәтиже берді. Сонымен катар 4000 қой-ешкіден инфекциялық эпидидимитке тексеріліп, нәтижесі таза болды. Оған қоса жоғарыда аталған малдар сібір жарасына, қарасанға, пастереллезге, листериозға, брадзотқа және анаэробтық энтеротоксемияға тексеріліп, нәтижесі таза шықты,- деді А.Дәулетиярова.

Сонымен қатар, А.Дәулетиярова биыл облыстағы кожалықтарға мал өсіріп және көбейту мақсатында облыс аумағына көршілес Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Манғыстау және басқа да облыстардан мал тасымалданып жатқанын жеткізді. 

-Тасымалданып жатқан малдардың сау екенін тексеру үшін түрлі талдаулар жасалады. Айталық мүйізді ірі қара малының қан сынамаларын бруцеллез, лейкоз, хламидиоз, лептоспироз, паратуберкулез, кампилобактериоз бойынша, ал қой-ешкіні бруцеллез, косымша инфекциялық эпидидимитке тексерсек, түйе малы бруцеллезге, ал жылқы малын киіңкі ауруына тексеріп, оң нәтиже шыққан жағдайда қорытындысы сол күні міндетті түрде инспекцияға жолданады,- деді ол. 

Осы жылдың 10 айында «Жануарлар ауруларының диагностикасы» зертханасы бойынша - 7 689 сынамаға 11 758 зерттеу жүргізіліп, оның ішінен 26 сынама, атап айтқанда: бруцеллезге - 21, хламидиозға - 4, лейкозға - 1 сынама оң нәтиже берген. Аудандық (қалалық) аумақтық инспекция мамандары оң нәтиже берген малдарға тиісті ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізіп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #үй жануарларының аурулары
Объявления
live comments feed...