• Главная
  • «JYLYOI CUP» жайдарман ойыны өз мәресіне жетті
16:00, 20 ноября 2023 г.

«JYLYOI CUP» жайдарман ойыны өз мәресіне жетті

фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан жайдарман ойыны қорытындыланды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің қызметі.

Аудан жастарының шығармашылық қабілетін шыңдап, уақытын тиімді өткізу мақсатында өткізілген әзіл сайысына алғашында 7 команда қатысып, олардың 4-і финалға жеткен болатын. 

-Астарлы әзіл мен қағытпа қалжыңды, ұтымды ойды сахнада ән, би, мимикамен шебер ұштастырып жеткізе білген командалар жыл бойына тартысты ойын көрсетті. Командалардан әлі де жоғары жетістіктер күтеміз. Ойындары қызықты, әрі тартысты болды,- деді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Амандық.

Сайыс қорытындысында «Мөр-Мөр» командасы жеңімпаз атанды. «Жылыой» командасы ІІ орынға лайық деп танылса, ІІІ орын «Доссор» командасына бұйырды. Сондай-ақ «Доссор» командасының мүшесі Данияр Еримов «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

Айта кетейік, жайдарман ойындары Жылыой ауданында 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #КВН #"JYLYOI КУБОГЫ"
Объявления
live comments feed...