
18:00, 15 ноября 2023 г.
Атырау-Құлсары арасында қатынайтын автобустар жаңартылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау-Құлсары бағытында тұрақты маршрутта қытынайтын автобустар жаңа 51 орындық Yutong маркалы 6 автобуспен жаңартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
- Автобустардың жаңартылуы - ҚР Үкіметінің 2021 жылғы «Отандық өндірістік автобустарды әлеуметтік маңызы бар бағыттарда қызмет көрсететін тасымалдаушы мекемелерді жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстардың жемісі. Тасымалдаушы мекеме – «ЛаваТранс» ЖШС. Автобустар 51 орындық, ішінде бейне бақылау, GPS жүйесімен, әжетқанамен қамтылған,- деді Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Жанболат Акинов.
Айта кетейік, автобустар күнделікті Атыраудан Құлсарыға қарай және кері бағытта 7 мәрте қатынайды. Билет құны бір бағытқа 2000 теңге. Автобус Атырау-Құлсары бағытында таңғы 8:00-18:55 аралығында жүрсе, Құлсары-Атырау бағытына таңғы 7:00-17:30 аралығында жүреді.
Сонымен қатар, алдағы жоспарларға сай облысішілік Атырау-Доссор-Мақат бағытына қатынайтын автобустарды жаңарту көзделуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:20
Вчера
18:54
13 октября
11:27
13 октября
18:19
12 октября
10:39
12 октября
15:04
9 октября
Объявления
00:00, 1 октября
09:50, 1 августа
12:53, 3 октября
15
12:53, 3 октября
53
05:50, 1 октября