• Главная
  • Осы жылы өңірге 21537 азамат көшіп келді
14:00, 14 ноября 2023 г.

Осы жылы өңірге 21537 азамат көшіп келді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Соңғы 9 айлық көрсеткіш бойынша облысқа келгендер саны 21 537 адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның ішінде сыртқы көші-қон бойынша 466 адам көшіп келген. Бұл көрсеткіш өткен жылы 13709 адамды құраған еді. Сәйкесінше, облысымызға көшіп келушілердің саны шамамен 9000 адамға өсіп отыр.  

- ТМД елдерінен 440 адам, атап айтсақ 213 азамат Рессейден, 205 адам Өзбекестаннан, ал әлемнің басқа елдерінен 26 азамат көшіп келді. Қазақстанның басқа өңірлерінен 5226 адам біздің өңірге қоныс аударды. Олардың ішінде 15,7% – Астана қаласынан,  5,5% – Түркістан облысынан, 18,4% – Ақтөбе облысынан,- деді Н. Құмарғалиев.

Айта кетейік, облыс ішінде қоныс аударғандар саны 15 845 адамды құрап отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #граждане
Объявления
live comments feed...