• Главная
  • Жанбай ауылында «Ауылға сәлем» атты ауыл ардагерлерінің қатысуымен концерттік кеш өтті
10:00, 12 ноября 2023 г.

Жанбай ауылында «Ауылға сәлем» атты ауыл ардагерлерінің қатысуымен концерттік кеш өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Исатай ауданының Жанбай ауылында «Ауылға сәлем» атты ауыл мәдениетіне, өнеріне өзіндік үлестерін қосып жүрген елімізге белгілі ауыл ардагерлерінің қатысуымен концерттік кеш өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Іс-шара бүгінде өз еңбектерімен елімізге танылып, ауылдың дамуына зор үлес қосып, үлкен мәртебеге ие болып жүрген ардақты ардагерлерімізді өздерінің кіндік қаны тамған мекендеріне тоғыстырып, өнерлерін ауыл тұрғындарына, жас буындарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Концертте Құрмет ордендерінің иегері, Қазақстан Маслихаттар ұйымының Құрметті депутаты, облыстық маслихаттың Құрметті депутаты, мәдениет саласының үздігі Жайдарбек Зайдуллин «Ауылға барам» әнін, Атырау облысының және Исатай ауданының Құрметті азаматы, облыстық маслихаттың Құрметті депутаты, Құрмет ордендерінің иегері Өнербек Жанбала Қазанғаптың күйі «Боз жорғаның бөгелек қағуы және өзінің «Дүние дәурен дүлділім» күйлерін орындады. Сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері Жетісу облысы мен Исатай ауданының Құрметті азаматы Гүлмайдан Сүндетқызы өзінің әні «Аққыстауым», «Менің елім» әндерін орындаса, жас әнші Айдар Бекет педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Авторлары қоғамының мүшесі, жергілікті сазгер Мұстахим Мұхтаровтың «Жанбай кештері» әнін орындады. Кеш соңында «Сәулем-ай» ансамблі «Ауылға барам» әнін шырқады. 

Мерекелік жиын барысында Исатай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жансих Маштахов бірқатар ауыл ардагеріне облыстық Ардагерлер кеңесінің төсбелгісін табыстады. Айта кетсек, ақын, еңбек ардагері, Аққыстау ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Қожантай Сдиховқа М.Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Дауылпаз» төсбелгісін, әнші, медицина саласының ардагері, ССРО денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгі иегері Аухади Қабделовке «Мейірімді жүрек» төсбелгісін және исатайлық әнші, ардагер ұстаз Маншүк Қарабалинаға халық қаһарманы Х.Доспанова атындағы төсбелгісін тақты.

Сондай-ақ күйші, ардагер дәрігер Асқар Салық пен Еңбек ардагері Мейрам Сәрсенғалиевке Исатай ауданы әкімі Нұрым Мусиннің Алғыс хаты табысталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Жанбай #концерт #"Ауылға сәлем #ардагерлер
Объявления
live comments feed...