• Главная
  • Атырауда жергілікті сазгерлердің шығармашылығынан «Ән – Атырау» атты облыстық әндер байқауы өтті
12:00, 11 ноября 2023 г.

Атырауда жергілікті сазгерлердің шығармашылығынан «Ән – Атырау» атты облыстық әндер байқауы өтті

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Іс-шараны Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ән додасы жергілікті сазгерлердің есімі мен шығармашылығын көпшілікке таныту және әндерін өнер ұжымдарының,  жеке орындаушылардың репертуарына енгізу мақсатында өткізілген.

Аталған іс-шараға Облыстық халық шығармашылық орталығының басшысы Жәнібек Аманиязов қатысып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.

- Атырау өңіріндегі сазгерлердің өнер туындыларына жаңа дем беріп, атыраулықтарға таныту мақсатында осы байқау ұйымдастырылып отыр. Үлкен дайындықпен қатынасып отырған талантты өнерпаздардың орындаушылық шеберліктерін тамашаламақпыз. Белсене қатысып, өнерлерін паш етер барша өнер иелеріне алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі сайыста «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», шын мықты жеңіс тұғырынан көрінбек. Өнерпаздарымызға сәттілік серік болсын, - деді Ж.Аманиязов.

Сайысқа 18-45 жас аралығындағы жеке орындаушылармен қатар дуэт, трио, квартеттер қатынасып, жанды дауыста өнер көрсетті. Олар I кезеңде жергілікті сазгерлердің, ал II кезеңде өз қалауы бойынша бір әннен орындады.

Байқауды қорытындылай келе, Атырау қаласының өнерлі азаматы Мерей Қабдолов байқаудың бас жүлде иегері атанды. Жүлделі I орынды Құрманғазы ауданынан келген Ермек Айсын, II орынды атыраулық Ардақ Дүзелбайқызы иемденді. Ал қызылқоғалық Дастан Асан мен Исатай ауданының өнерпазы Әділбек Жұмашев және Индер триосы III орынмен марапатталды.

Сондай-ақ «Үздік ән өңдеуші» номинациясы қызылқоғалық Әбдіғаппар Темірхановқа табысталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #ән байқауы #"Ән – Атырау"
Объявления
live comments feed...