• Главная
  • Облыс ардагерлері арасында «Ұлағат» аспапты ансамбльдер байқауы өтті
10:05, 9 ноября 2023 г.

Облыс ардагерлері арасында «Ұлағат» аспапты ансамбльдер байқауы өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырауда Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Ардагерлер кеңесі және ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында «Ұлағат» аспапты ансамбльдер байқауы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара халқымыздың  көне аспаптарын меңгерудегі ардагерлердің кәсіби шеберліктерін өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл сайыс өңіріміздегі ардагерлер ансамбльдерінің жұмысын жандандырып, репертуарларының көркемдік сапасын көтеруге үлес қоспақ.

Ұлттық өнердің өрлеуіне жол ашатын мәдени шараға облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов қатысып, байқау мақсатына тоқтала отырып, қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.

- Бүгін Атырау қаласы мен аудандарында құрылған ардагерлер ұлт аспаптар ансамбльдері өз өнерлерін көрсетіп, сайысқа түспек. Бұл доданы ұлағатты өмірлерін ән-жырымен, саз-күйімен өріп келе жатқан туған жердің тұғырлы ардагерлері өз өнерлерін халыққа паш етуіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырдық. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай, осы аспаптарымыздың құндылығын дәріптеп, жас ұрпаққа жеткізу - біздің парызымыз. Сайысқа белсенділік танытып, өнер көрсетуші ардагерлерімізге сәттілік тілейміз, - деді М.Өтешов.

Өнер додасына облыс бойынша 63 жастан жоғары ардагерлерден құралған 10 ансамбль қатынасты. Шартқа сәйкес қатысушылар өнер көрсету барысында қылқобыз, сырнай, шаңқобыз, керней, аса таяқ, желдірме сынды қазақтың ұлттық көне аспаптарын қолдана отырып, бір шығарма мен ансамбльдің сүйемелдеуімен дәстүрлі бір ән орындауы тиіс.

Қорытындылай келе, ҚР Мәдениет қайраткері, доцент Қуанышқали Кипиевтің жетекшілігімен құрылған Атырау қаласының ардагерлер ансамблі Бас жүлде иегері атанды. Ал I орынды Құрманғазы ауданының ардагерлері, II орынды Исатай ауданының ансамблі еншіледі. Махамбет ауданының өнерпаздары мен Атырау қаласының Еркінқала ауылынан қатысушы ардагерлер жүлделі III орынды бөлісті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #конкурс #"Ұлағат"
Объявления
live comments feed...