• Главная
  • Атырауда Қ.Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған республикалық домбырашылар байқауы басталды
10:00, 8 ноября 2023 г.

Атырауда Қ.Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған республикалық домбырашылар байқауы басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған республикалық домбырашылар конкурсы басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Байқау күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа, өнер сүйер қауымға кеңінен насихаттап, күйшілік орындаушылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған.

Іс-шараға облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Әсия Қыстаубаева қатысып, Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов пен облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламановтың атынан сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі. 

Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің басшысы Бақытбек Сартбаев конкурс мақсатына тоқтала отырып, еліміздің әр аумақтарынан қатынасқан домбырашыларға алғыс білдірді.

- Бүгін қаламызда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойына арналған республикалық деңгейде күйшілер конкурсының I кезеңі басталды. Конкурсқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен өнерпаздар қатынасуда. Атыраудың өзінен 6 үміткер қатысып, бақ сынамақ. Байқаудың басты мақсаты жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу және дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберлігін арттыру. Сайыс қатысушыларына осы конкурсқа қатысып,  ұлттық өнерімізді шет қалдырмай, дамуына өз үлестерін қосып жүргендері үшін алғыс білдіре отырып, додаға сәттілік тілеймін, - деді Б.Сартбаев.

Конкурсқа еліміздің Ақтөбе, Астана, Алматы, Маңғыстау және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан 21 үміткер қатынасуда. 

Айта кетейік, байқау 3 кезеңнен тұрады. II кезеңі 7 қараша күні Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өтеді. Ал 8 қарашада Облыстық халық шығармашылығы конкурстың ІІІ кезеңі орталығында өтіп, қорытындыланады. Іс-шара Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің Қ.Сағырбайұлының шығармашылығына арналған концерттік бағдарламасымен жалғаспақ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #домбырашылар байқауы
Объявления
live comments feed...