• Главная
  • Атырау облысында дауыс беру басталды
14:00, 6 ноября 2023 г.

Атырау облысында дауыс беру басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Атырау облыстық мәслихатының шешімен пилоттық режимде сайлау үшін Исатай және Қызылқоға аудандары бекітілді, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Екі аудандағы сайлаушылардың саны бүгінгі күнге 34 497  адамды құрады (Исатай – 15883, Қызылқоға – 18614) оның ішінде вахталық әдіспен 582 адам дауыс береді (Исатай - 516, Қызылқоға-66).

Қызылқоға ауданында 19 сайлау учаскесі, 95 комиссия мүшесі, Исатай ауданы бойынша 15 сайлау учаскесі, 177 комиссия мүшесі бекітілді. Дауыс беру таңғы сағат 7:00 де басталды. Бұл 20:00-ге дейін жалғасады. Барлық учаске материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін  жағдай жасалған.

Әкім болуға барлығы 6 кандидат ұсынылып, аумақтық сайлау коммиссияларына сәйкестігі анықталып тіркелді.

Сайлау науқаны туралы және сайлау учаскелері жөнінде азаматтарды ақпараттандыру бағытында Call-орталықтары, Telegram каналының SailauAtyrauBot чаты, atyrau.gov.kz интернет сайты жұмыс жасауда.

Аудандардың 19 сайлау учаскелерінде (Исатай - 9, Қызылқоға - 10) сайлаушылардың өздерін тұрғылықты жері бойынша іздеуі жөнінде сервистік қызметтер іске қосылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #әкімдерді сайлау
Объявления
live comments feed...