• Главная
  • Атырауда «Спорт біздің серігіміз» атты парадзюдо спортшыларымен кездесу өтті
20:00, 2 ноября 2023 г.

Атырауда «Спорт біздің серігіміз» атты парадзюдо спортшыларымен кездесу өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұрайжайында өткен кездесудің құрметті қонақтары ҚР Құрметті спорт қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтурышысы Асан Раушанов, сондай-ақ А.Раушановтың шәкірттері, дзюдан халықаралық дәрежедегі төреші Жандос Қиянов, ҚР парадзюдодан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Наран Ешибаев және Токио-2020 паралимпиада, ІV Азия пара ойындарының дзюдо күресінен күміс, қола жүлдегерлері Зарина Байбатина, Аманжол Жанбота, Ерлан Өтепов, Ғалымжан Смағұлұлы, Альфия Тілекқабыл, Зарина Райфова қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

-Бүгін Атырау облысының парадзюдодан құрама командасы арнайы кездесуге келіп отыр. Бұл Азия пара ойындарына қатысып, жүлделі орындармен келгеннен кейін, ұйымдастырылып отырған кездесу. Ол енді заңдылық, өйткені Токио-2020 паралимпимада ойындарында жерлестеріміз Ануар Сариев, Зарина Байбатина және Дәулет Теміржан күміс жүлдегер атанған болатын. Есімдері аталған үш палуанымыздың Токио олимпиада ойындарында киген спорттық киімдерін былтыр осы музейге тапсырған болатынбыз. Міне сол жәдігерлерді көрсетіп және біздің Азия пара ойындарының жүлдегерлерін ұлығылап жатыр, ризамыз,- деді Ж.Қиянов. 

Айта кетейік, іс-шара барысында өткен жылы музей қорына тапсырылған, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан, Зарина Байбатинаның Токио төрінде белдесу кезінде киген кимонолары көрермен назарына ұсынылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #кездесу #парадзюдошылар
Объявления
live comments feed...