14:00, 27 октября 2023 г.
Республика күні мерекесіне орай атыраулық дәрігерлер марапатталды
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Іс-шараға Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен «Сенім» медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Майра Қашкенова қатысты.
Салтанатты шарада басқарма басшысы құттықтау сөз сөйлеп, ақ халатты абзал жандарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын табыс етті.
- 1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы алғаш декларация қабылданып, еліміз Тәуелсіздікке бет бұрған болатын. Бұл күн Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен ұлттық мерекелер тізіміне еніп отыр. Саяси жаңғыру, әділетті Қазақстанды құруда медицина қызметкерлерінің қосып жатқан үлесі зор. Баршаңыздың жұмыстарыңызға толағай табыстар тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын, - деді Қ.Абдалиев.
Мерекелік жиында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төс белгісімен Индер аудандық ауруханасының психиатор-дәрігері Мұрат Орақов, Махамбет аудандық ауруханасының терапевт-дәрігері Рая Аңқылдақова, Облыстық балалар ауруханасының физиотерапия-дәрігері Гүлнар Оразова және Жылыой аудандық орталық ауруханасының дәрігері, рентгенолог Қосымбай Өтеулиев марапатталды.
Бұдан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері мен Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары 30-ға жуық дәрігерге табысталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:31, 2 декабря
15
live comments feed...