• Главная
  • Атырауда БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті
10:00, 26 октября 2023 г.

Атырауда БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Атырауда 25 қазан - Республика күніне орай облыстық бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен Т.Амандосов атындағы дәстүрлі ауыспалы кубог үшін БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара Республика күні мерекесін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және БАҚ қызметкерлері арасында әріптестік байланысты нығайту мақсатында өткізілді. Сайысқа БАҚ өкілдері арасынан 6 команда қатысты. Атырау облыстық бас редакторлар клубының төрағасы, Индер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин сайыс барысы мен шара маңыздылығына тоқталып өтті.

- Жарыс 25-қазан ұлттық мерекеміз Республика күніне орай ұйымдастырылды. Бұл Т.Амандосов атындағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында үшінші рет өткізіліп отыр. Ауыспалы кубокты екі рет қатарынан «Тауман» командасы иеленген болатын. Егер осы ойында да олар жеңсе, кубок ойын ережесіне сай «Тауман» командасында қалатын болады. Сондықтан да бүгінгі ойын өте тартысты өткелі тұр. Сайыс БАҚ өкілдеріне жазба жұмыстарынан бір сәт босап, бой сергітіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді Ж.Амантурлин.

Жарыс нәтижесінде, жүлделі I орынды «Tauman» құрама командасы иемденіп, Т.Амандосов атындағы ауыспалы кубогтың жеңімпазы атанды. Ал, «Атырау Ақпарат» командасы II орын,  «Atyrau» телеарнасы III орынмен марапатталды. Сондай-ақ «Tauman» командасының қақпашысы Қанат Елеуов «Үздік қақпашы», «Atyrau» телеарнасынан Дәулет Иманғазиев «Үздік ойыншы» және «Атырау Ақпарат» командасының ойыншысы Қайсар Жетпісбай «Үздік сұр мерген» атағын иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #шағын футбол #БАҚ
Объявления
live comments feed...