• Главная
  • Өңірде рұқсатсыз қалдықтар орналасқан 83 орын тазаланды
13:00, 23 октября 2023 г.

Өңірде рұқсатсыз қалдықтар орналасқан 83 орын тазаланды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

«Қазақстан Ғарыш сапары» ҰҚ АҚ-ның 2023 жылғы деректеріне сәйкес Атырау облысы бойынша рұқсатсыз қалдықтар (стихиялық қоқыс) орналасқан 107 орын анықталып, оның 83 орны тазаланған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары, бас мемлекеттік экологиялық инспектор Сырым Тілегеновтің айтуынша, анықталған 107 орынның тоғызы Махамбет ауданына, екі орын Мақат ауданына қарайды. Ал 35 орын Жылыой ауданы Құлсары қаласына, 61 орын Атырау қаласына тиесілі екені белгілі болып отыр. 

- Бүгінде қалада 53, Жылыой ауданында 29, Махамбет ауданында бір рұқсатсыз қалдықтар орны тазаланды. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, Құлсары қаласы бойынша тазалау жұмыстарын «Промэкология» ЖШС, ал Атырау қаласы бойынша қалалық әкімдікке қарасты қаланың тазалығына жауапты мердігер мекеме «Спецавтобаза» ЖШС рұқсатсыз қалдықтардың тазалау жұмыстарын жүргізуде, - деді С.Тілегенов.

Сондай-ақ ол, бүгінде облыс аумағында 55 қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны бар екенін атап өтті. Оның екеуі Атырау қаласында, үшеуі Жылыой, сегізі Қызылқоға ауданында орналасқан. Сонымен қатар Индерде жеті, Махамбетте 11, Құрманғазыда 22 және Мақат ауданы мен Исатай ауданында бір-бірден қалдықтар полигоны бар.

- Бұл полигондардың сегізі қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алынған полигон ретінде пайдаланылуда. Олар Атырау қаласында «Арнаулы автобаза» ЖШС-не және «Вест Дала» ЖШС-не, Құрманғазы ауданында «Таяшев» ЖК-не, Исатай ауданында «Исатайгазстройсервис» ЖШС-не және «Рспаев У.» ЖК-не, Жылыой ауданында «Жылыой Тазалық» ЖШС-не, «Теңізшевройл» ЖШС-не және «ЭСС Тенгиз» ЖШС-не тиеселі. Ал, қалғаны округтерде орналасқан экологиялық рұқсат рәсімделмеген уақытша қоқыс сақтау алаңдары ретінде қолданылуда, - деді С.Тілегенов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #стихиялық полигондар
Объявления
live comments feed...