18:00, 18 октября 2023 г.
Атырауда экологиялық заңнама талаптары бойынша жоспардан тыс 24 тексеріс жүргізілген
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Өңірде жыл басынан бері облыстық Экология департаментімен ҚР-ның Экологиялық заңнамаларын сақтау бойынша жоспардан тыс 24 тексеріс жүргізілген. Бұл туралы облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары, бас мемлекеттік экологиялық инспектор Сырым Тілегенов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның айтуынша, тексерулер нәтижесінде ҚР Экологиялық заңнамасының талаптары бойынша 33 заң бұзушылық анықталып, 18-не жою туралы нұсқама берілген. Оның 13 нұсқамасы орындалып, қалған 5-і орындалу сатысында.
- Анықталған заң бұзушылықтарға қатысты 88 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 7 әкімшілік іс бойынша тоқтату жөнінде қаулы шығарылды. 27 әкімшілік іс сот органдарына қарауға жолданып, бүгінгі таңда 9-ы қаралды. Оларға айыппұлдар салынып, өндірілуде. Ал, 54 әкімшілік іс бойынша әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылып, толықтай өндірілді, - деді С.Тілегенов.
Сондай-ақ ол, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабына сәйкес департаментпен бақылаудың екі түрі жүзеге асырылатынын айтып өтті. Олар бақылау субъектісіне немесе объектісіне қатысты жүргізілетін профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерістер.
- Сонымен қатар резонанстық жағдайлар тудырған компания жұмыстарына жоспардан тыс тексерістер жүргізген болатынбыз. Атап айтсақ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не, «Теңізшевройл» ЖШС-не, «Мелхи Ойл» ЖШС-не, «Oxygenator» ЖШС мен «Жылыой су» МКК-на жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізіліп, тиісті көлемде айппұлдар салынған болатын. «Ocean Petroleum» ЖШС мен «Circle Maritime Invest» АҚ-на тиесілі «Caspian Falcon» кемесіне қатысты тексеріс жүргізу туралы хаттар түсіп, қаралу үстінде,- деді С.Тілегенов
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:31, 2 декабря
live comments feed...