• Главная
  • Биыл облыс бойынша соттан тыс банкроттыққа борышкерлерден 2 232 өтініш түсті
16:00, 18 октября 2023 г.

Биыл облыс бойынша соттан тыс банкроттыққа борышкерлерден 2 232 өтініш түсті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Осы жылдың 16 қазанына дейін соттан тыс банкроттыққа борышкерлерден Мемлекеттік кірістер басқармасына 2 232 өтініш түсті. Оның қанағаттанарлық дәрежеде қаралмағаны - 1 839 өтініш болса, қанағаттандырылғаны – 393 өтініш. Ал оның ішінде 142 өтініш – банкрот болып жарияланды. Бұл туралы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Эльвира Унгарова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заң үш түрлі рәсімді қарастырады. Олар соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Барлық үш рәсімді де тек борышкер ғана бастай алады. Яғни, несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

- Келіп түскен 2 232 өтініштің ішінде 393 өтініш қаралып, 142 өтініш банкрот деп танылып отыр. Сонымен қатар Департаментпен бірлесе мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырамыз. 288 борышкерге алғашқы қаржылық мониторинг жүргізілді. Сәйкесінше борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің жоқтығы туралы 283 анықтама жасақталды. Қазіргі таңда бес борышкерге талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 193 борышкерге жүргізілген екінші қаржылық мониторинг қорытындысы бойынша борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің жоқтығы туралы 191 анықтама жасақталды. Қазір де екі борышкерге талдау жұмыстары жүргізілуде, - деді Э.Унгарова.

Қарызы 1600 АЕК немесе 5 млн теңгеден асқан азаматтар сот банкроттығын қолдана алады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылады. Түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады.

- Заң жобасында банкроттықтан кейін азамат 5 жыл бойы қарыз, несие рәсімдей алмайды. Сонымен қатар 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады және 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығына ие болады. Айта кететін тағы бір жайт - 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған. Нақтырақ айтсам, олар үшін мүліктің болуын тексеру және қарыз сомасына шектеулер белгіленбейді, - деді Э.Унгарова.

Естеріңізге сала кетейік, өтінімдерді «Е-салық Азамат» қосымшалары арқылы беру мүмкіндігі іске асырылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #соттан тыс банкроттық
live comments feed...