• Главная
  • Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант конкурсына өтініштерді қабылдау басталды
16:00, 17 октября 2023 г.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант конкурсына өтініштерді қабылдау басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін берілетін 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант конкурсына өтініштерді қабылдау басталды, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Конкурстың мақсаты 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру. 

Өтініштерді қабылдау 23 қазаннан бастап 2023 жылғы 27 қазанға дейін жалғасады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді арнайы kezekte.kz веб-порталы арқылы беруге болады. Сондай-ақ конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынуы керек.

Айта кетейік, көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдануға жатпайды. 

Толығырақ: https://www.gov.kz/.../atyrau/press/news/details/636564...

https://www.gov.kz/.../atyrau/press/news/details/636564...

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #гранттар #бизнес идеялар
Объявления
live comments feed...