10:00, 16 октября 2023 г.
Атырауда Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығына арналған жыршы-термешілер байқауы өтті
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Өңірде облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен айтыскер ақын, жырау М.Мөңкеұлының шығармашылығына арналған аймақтық жыршы-термешілер байқауы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сайыс М.Мөңкеұлының шығармашылығын жаңғырту, дарынды жастардың орындаушылық шеберліктерін шыңдау және ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Облыстық халық шығармашылық орталығының басшысы Жәнібек Аманиязов жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, қолдау білдірді.
-Байқау атадан балаға мирас болған саф алтындай төл өнерімізді жас толқынның құлағына сіңіріп, термешілік өнерге жаңа бір серпін беру үшін өткізіліп отыр. Қазылар алқасындағы жыр мен терменің жілігін шаққан білікті мамандар өздерінің әділ бағасын беріп, ең үздікті анықтайтын болады. Сайыс қатысушыларына алғыс білдіре отырып, бүгінгі додаға сәттілік тілеймін! - деді Ж.Аманиязов.
Байқауға 16-45 жас аралығындағы Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарының өнерпаздары қатысты. Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық қарым-қабілетіне қарай жеңімпаздарды анықтады.
Нәтижесінде, бас жүлдені Маңғыстау облысының қатысушысы Бердібай Тойғулиев иеленді. Ал жүлделі І орын Атырау қаласының тумасы Аружан Ерімоваға, ІІ орын Ақтөбе қаласынан келген өнерпаз Дильназ Қуанышқа бұйырды. Ақтөбе облысынан келген қатысушы Жанерке Құттығай жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
Сонымен қатар барлық қатысушыларға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
10:44, 26 ноября
12
12:31, 2 декабря
22:21, 23 ноября
live comments feed...