• Главная
  • Атырау қаласындағы «Береке» ықшам ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды
14:00, 14 октября 2023 г.

Атырау қаласындағы «Береке» ықшам ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бүгін № 3 қалалық емханаға қарасты «Береке» дәрігерлік амбуляториясы ашылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев және NCOC  компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазар қатысты. 

Жаңа дәрігерлік амбулатория медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында салынды. Мұндағы 33 кабинет қажетті заманауи компьютерлік техникамен, интернетпен толық жабдықталған. Барлық санитарлық ережелер мен талаптарға сай салынған. Жаңа амбулаторияда 7 мыңнан астам тұрғын медициналық көмек ала алады. Бір ауысым 80 пациентке арналған. 

- Халық саулығын арттыру облыс әкімдігінің мемлекеттік басқарудағы бағыттарының бірі. Қолданыстағы нысандарды жаңартып, жаңа нысандарды іске қосу әкімдіктің және компаниялардың атсалысуымен жасалынып жатқан жұмыстар. Береке мөлтек ауданы жаңа аудандардың бірі болып саналады. Осы жерден дәрігерлік амбуляторияның ашылуы бұл халықтың күнделікті алатын қызмет сапасын арттыру болып табылады. Баршаларыңызды нысанның ашылуымен құттықтаймын, - деді Ж.Бисембиев. 

Сонымен қатар, амбулаторияда жалпы тәжірибелік дәрігерлердің 5 кабинеті, күндізгі стационар, егу және емдеу мен гинекология, стоматолог, дәрігерге дейінгі қарау кабинеті, дені сау балалар бөлмесі, 8 керуетті күндізгі емхана жұмыс істейді.  

-Бүгінгі күнге дейін Береке тұрғындары  № 3 қалалық емханаға келіп медициналық қызмет алса, енді отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда қызмет көрсетуге толық жағдай жасап жатырмыз, - деді №3 қалалық емхананың директоры Айман Өтегенова. 

Айта кетейік, амбулатория №3 қалалық емханаға жатады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Береке ауданы #дәрігерлік амбулатория
Объявления
live comments feed...