12:00, 14 октября 2023 г.
Биыл Атырау қаласында 1000-ға жуық жаңа жол белгісі орнатылды
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Қаламызда жыл басынан бері жол-жүріс қозғалысын таңбалы түрде реттейтін, 1000-ға жуық жаңа жол белгілері орнатылған. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмас Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Атырау қаласына және қалаға қарасты елді мекендегі автокөлік жолына және жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерді орналастыру, Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы нұсқамасына сәйкес орындалады,- деді А.Сәрсенов.
Оның айтуынша, жаңа жол белгілері пайда болған уақытта әлеуметтік желілерге міндетті түрде жарияланады.
Сондай-ақ облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қолдану ережелері, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2017 жылғы 10 қазан № 274-од бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа енгізілетінін атап өтті.
- Жаңа жол белгілерін орнатып немесе жаңарту жұмыстары №1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» туралы Қазақстан Республикасының стандартына сәйкес жүргізіледі. Жол белгілері табиғат күштері немесе жол-көлік апаттары әсерінен жарамсыз болған жағдайда, қалалық қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне нұсқаулық береміз, - деді М.Ердәулет.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
12:31, 2 декабря
15
live comments feed...