• Главная
  • Кәрима Сахарбаеваға «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді
12:00, 12 октября 2023 г.

Кәрима Сахарбаеваға «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов ҚР Еңбек сіңірген қайраткері күйші-композитор Айтқали Жайымов пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кәрима Сахарбаеваны қабылдады, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов келген құрамға алғысын білдіре отырып, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан Кәрима Сахарбаеваға облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 24 мамырдағы №17-VIII шешімімен Атырау облысының Құрметті азаматы атағын беріп, төсбелгісін тақты. 

- Атырау халқы өнерді аса құрметтейді. Тек орталықта емес, аудандарға барып концерт қоямыз десеңіз де қолдаймыз. Киелі топыраққа келіп саф өнерді халыққа көрсетуге келіп отырсыздар. Біз өнер мен білімді, рухани тәрбиені ұмытпауымыз керек. Әрқашан бізді қолдайтын да, қорғайтын да, күтетін де - ел. Туған жерге келіп оған мүмкіндігінше еңбегіміз сіңу керек. Сіздің осы жерде көптеген шәкіртіңіз жүр. Олардың сізге құрметі бөлек. Өйткені олар бүгінде биік белестерді бағындырып келеді. Аймақтың мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегіңіз үшін ризашылығымды білдіремін,-деді С.Шәпкенов. 

Жиында ұлттық тәрбие, мәдениеттің дамуы, өнерді қолдау сынды өзге де тақырыпта әңгіме өрілді. 

- Ел басқарған сіздей азаматтың кең жүрегіне, ақ пейіліне рахмет. Атырау туралы жақсы хабар естісек, шын қуанып отырамын. Көптің көңілін табу қиын шығар. Алайда өнерді қолдағаныңыз үшін үлкен алғыс білдіремін,-деді К.Сахарбаева.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #"Атырау облысының Құрметті азаматы"
Объявления
live comments feed...