• Главная
  • Биыл Damubala.kz платформа негізінде өңірімізде 10458 бала тегін үйірмемен қамтылды
16:00, 11 октября 2023 г.

Биыл Damubala.kz платформа негізінде өңірімізде 10458 бала тегін үйірмемен қамтылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Облыста Damubala.kz платформасы шеңберінде «Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс» жобасы негізінде былтыр 27 түрлі үйірме болса, биыл 29 түрлі тегін үйірме қызмет көрсетеді. Тегін үйірмелерге өңіріміздегі баланың 3%-ы және биыл қаңтар-мамыр айларында балалардың 5%-ы, яғни 10458 бала қамтылды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ләззат Аккажиева баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ваучерлердің ішінде ең көп сұранысқа ие үйірмелер «Ұлттық би», «Кескіндеме, сурет», «Домбыра», «Заманауи би», «Эстрадалық вокал», «Халық әндерін айту» үйірмелері.

-Шығармашылық үйірмелерге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуын бағалау және талдау мақсатында облыс тұрғындарына анонимдік сауалнама жүргізген болатынбыз. Оған 969 респондент қатысты. Сауалнаманың қорытындысымен тегін үйірмеге қатысу арқылы балаларының күш-жігері мен қызығушылығының дұрыс арнаға бағытталып, бос уақытын тиімді пайдлануы, сондай-ақ өнерге бейімделу сынды қабілеттерінің дамығанына риза болған ата-аналар оң пікірлерін білдірген. Яғни, аталған жоба қоғамның көңілінен шығып, оң нәтиже бергенін көрсетті. Жобаға сәйкес бюджет есебінен бір баланың үйірмеге қатысуына орташа есеппен 14 мың теңге жұмсалатынын ескеретін болсақ, бұл ата-аналар үшін, әсіресе көп балалы отбасылар үшін өте тиімді, - деді Л.Аккажиева. 

Сондай-ақ брифинг барысында ол, «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасына сәйкес балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 жаңа ірі нысанды ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #тегін үйірмелер
Объявления
live comments feed...