• Главная
  • Қамқорлық көрсету айлығы шеңберінде ірі мұнай-газ компаниялары қарттарға көңіл бөлді
10:00, 11 октября 2023 г.

Қамқорлық көрсету айлығы шеңберінде ірі мұнай-газ компаниялары қарттарға көңіл бөлді

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

«Теңізшевройл» компаниясы сенсорлық бөлмеге жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам құрал-жабдық сатып алып, сыйға тартты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- ТШО әлеуметтік жауапты компания ретінде өз қызметкерлері тұратын және жұмыс істейтін аймақтың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына әрқашан назар аударады. «Теңіз жүрегі» еріктілері біздің қызметкерлермен бірге қарттар үйіне үнемі барып, оларға моральдық қолдау көрсетеді. Қазақ мәдениетінде үлкендерге құрмет көрсетеді, өйткені ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін жастарға жеткізетін де солар. Қарттар үйінде тұратындарға аз да болса қолдау көрсете алғанымызға қуаныштымын,- деді «Теңізшевройл» ЖШС бас менеджерінің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі орынбасары Хэймиш Полс.

Сенсорлық бөлме релаксацияға ықпал ететін және бұлшықет пен эмоционалды шаршағандықты жеңілдететін құрылғылармен толық жабдықталған. Олардың ішінде айна шары, прожектор, ғарыштық проектор, сондай-ақ хош иісті жинақтар мен шашыратқыштар, құммен сурет салу үстелі сияқты арнайы жарық және дыбыс құрылғылары бар.

Сонымен қатар, қарттар үйінде жүгіру жолы, гигиеналық орындықтар, педаль жаттығулары, аяқ-қолдарды пассивті және белсенді қалпына келтіруге арналған құрылғы орнатылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #қарттарға қамқорлық
Объявления
live comments feed...