• Главная
  • Атырауда қарттар күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті
18:00, 2 октября 2023 г.

Атырауда қарттар күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен 1-қазан қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара тарихи жәдігерлерден құралған көрмемен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. №4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы директорының орынбасары Марина Зайырова бұл ізгі шара қазан айының соңына дейін жалғасып, қайырымдылық айы болатынын айтып өтті.

- Біздің мекемемізде бүгінде 109 қызмет алушымыз бар, оның 46-сы мүгедектігі бар адамдар.1-қазан қарттар күніне орай бүгін орталығымызда мерекелік іс-шарамыз өткізіліп жатыр. Осындай әдемі мерекемізде қарттарымыздың көңілін көтеріп, әсем көңіл-күй сыйлап жатқан Атырау қаласының әкімдігіне алғысымызды айтамыз. Бұл 1-қазан ғана емес, 30-қазанға дейінгі аралық толықтай қайырылымдылық айы болып есептеледі. Осыған орай мәдени шараларды өткізу жөнінде көптеген жоспарларымыз бар, - деді М.Зайырова.

Сондай-ақ Атырау облысы Суьялар одағы, Сот әкімшілігі департаменті және Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалы басшылары мен төрағалары құттықтау сөз сөйлеп, орталыққа арнайы сый-сияпаттарын ұсынды. Сонымен қатар Геолог ықшам ауданының белсенді жастары қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды.⠀

Қарттар үйінің тұрғыны Фоадия Ғатауллина ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.⠀

- Мен ең алдымен ұжымға рақмет айтқым келеді. Біздерді бағып, жағдайымызды жасап, үнемі көмектесіп жүретін барлық қызметкерлерге ризамыз. Бізде шынымен барлығы жақсы, тамағымыз тоқ. Осы концертті ұйымдастырып, арнайы келіп отырғандарыңыз үшін  және үлкендерге көрсеткен құрметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Дендеріңіз сау болсын, ел аман, жұрт тыныш болғай, - деді Ф.Ғатауллина.⠀

Айта кетейік, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Атырау облысында алғаш рет Атырау қаласы әкімінің 06.09.1994 жылдың №138 шешімімен 50 орындық қалалық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі болып ашылды. 2001 жылы 28-желтоқсан айында 100 орындық қосымша ғимарат салынды. Стандартқа сәйкес орталық тұрғындарына 7 қызмет түрі көрсетіледі. Олар: әлеуметтік-медициналық, тұрмыстық, психологиялық, еңбек, мәдени және құқықтық, экономикалық қызмет түрлері.⠀

Бүгінде осы орталықта қызмет алушылардың ең үлкені 86 жаста, ал кішісі 35 жаста.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Қарттар күні
Объявления
live comments feed...