12:00, 2 октября 2023 г.
Құрманғазы ауданында мал азығы 89 пайыз дайын
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Құрманғазы ауданында қысқы мал азығын дайындау жұмыстары бойынша аудандағы 625 шаруа қожалықтың 205-і науқанға кіріскен. Мал азығын дайындау маусымына 55 машина, 331 тракторлар, 241 тіркеме және 205 ауыл шаруашылық агрегаттары және 1051 адам қатысуда. Бұл туралы Құрманғазы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Ауданның барлық меншік нысандары бойынша 2023-2024 жылдарғы қыстаққа жоспарлы 70 221 бас мүйізді ірі қара, 186 594 бас қой-ешкі, 32 804 бас жылқы және 5 114 бас түйе малы қалдырылады деп жобаланып, оған зоотехникалық норматив бойынша 164 000 тонна пішен қажет деп есептелді. Күні бүгін ауылдық округтердің ақпараты бойынша, жалпы 132 610 тонна мал азығы дайындалды. Бөліп айтсақ, Арал өңірінде 97 533 тонна, Азғыр өңірінде 35 077 тонна, шаруашылық құрылымдары 4 100 тонна. Бұл жалпы дайындалатын мал азығының 89 пайызын құрайды,- деді Н.Төлепов.
Сондай-ақ, қыр бойында орналасқан Сүйіндік, Азғыр, Асан округтері бойынша шөп дайындайтын 4-5 бригада бар. Олар ауылшаруашылық құрылымдарымен округтегі жеке тұрғындарды толық қамтитын болады. 57 216 тонна мал азығы қыр өңірінен дайындалады деп жоспарлануда. Бұл жалпы дайындалатын мал азығының 38 пайызын құрайды.
Айта кетейік, жылма-жыл мал азығы аудан аймағында дайындалып, шаруашылық субъектілері мен жеке тұрғындардың малдарын толығымен қамтамасыз етіліп келеді. Одан қалғаны Индер, Махамбет, Исатай аудандарына сатылымға шығарылады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
22:21, 23 ноября
live comments feed...