20:00, 29 сентября 2023 г.
Исатай, Махамбет аудандарында өрт сөндіру бекеттері ашылады
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жиын қоғамдағы ең өзекті 5 мәселені талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
- Біз бүгін жинда облыс көлеміндегі тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының 2023-2024 жылдардың жылыту маусымына дайындығы, облыс аумағындағы автокөлік жолдарының 2023-2024 жылдардың қысқы мезгіліне дайындығы және азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайларға дайындық жұмыстары туралы талқылайтын боламыз. Сондай-ақ, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді-мекендерде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру мен азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына түгендеу жүргізу қорытындылары туралы баяндамалар жүргізіледі, - деді Қ.Нұртаев.
Жиында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді-мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Даурен Берденов баяндама жасады.
- Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіруге тиісті облыс аумағында 2021 жылға дейін жергілікті атқарушы органмен 9 өрт сөндіру бекеттері құрылған. Өңірді дамыту кешенді жоспары мен жолданған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысының «Салауатты даму» бағдарламасын іске асыру жөнінде жоспар бекітілген болатын. Кешенді жоспарға сәйкес 2023 жылы жергілікті атқарушы органмен 4 бекет ашу жоспарланды. Олар Исатай ауданы Исатай ауылында, Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында және Махамбет ауданының Бейбарыс пен Бақсай ауылдары. Бүгінгі күні 2023-2025 жылдарға жоспарланған 3 өрт сөндіру бекеттері Атырау облысының Қызылқоға ауданы Тайсойған, Жамбыл және Көздіқара ауылдық округтеріне тіркемелі өрт сөндіру модульдерін сатып алып, біреуі мерзімінде, екеуі мерзімінен бұрын ашылып отыр. Ал, Махамбет ауданында рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы бағытта Исатай ауданы әкімі аппараты биыл қаражат қарастырылмауына байланысты жұмыстар 2024 жылға жоспарланып отырғанын айтты, - деді Д.Берденов.
Көтерілген мәселелер аясында басқарма басшыларына атқарылған жұмыстар бойынша және орындалу үстіндегі жұмыстар туралы қосымша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ жұмысы кешіктірілген және тоқтатылған іс-шараларға қатысты ескертулер берілді.
- Күн тәртібінің сұрақтары бойынша бірқатар шаралар атқарылған. Алайда кейбір кемшіліктер де бар, осы кемшіліктерді жою бағытында тиісті жұмыстарды атқару керек. От пен су тілсіз жау деп бекер айтылмаған, олар жоспарланбаған жағдайда орын алатын табиғи апаттар. Сол себепті біз кез-келген жағдайға сақадай-сай болуымыз керек. Облыс тұрғындарының қауіпсіздігіне бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын күшейту қажет. Бұған бізде барлық мүмкіндіктер бар. Сапалы әрі нәтижелі жұмыстарды дер кезінде атқаруға жұмыстанайық, -деді Қ.Нұртаев.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
22:21, 23 ноября
12:31, 2 декабря
53
live comments feed...