• Главная
  • Жылыой аудандық емханасында «Болашақ» қоғамдық қорының мамандары балаларды тегін қарап, кеңестер беруде
18:00, 27 сентября 2023 г.

Жылыой аудандық емханасында «Болашақ» қоғамдық қорының мамандары балаларды тегін қарап, кеңестер беруде

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Жылыой аудандық орталық ауруханасының емханасында «ерте араласу» бағдарламасы бойынша «БолашақК» қоғамдық қорының мамандары 3 жасқа дейінгі балаларды тегін қарап, тексерулер жүргізіп, кеңестер беруде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Аталған тегін кеңестерді 25-27 қыркүйек аралығында невролог пен реабилитолог дәрігерлер өткізуде. Қабылдауды «БолашақК» оңалту орталығының жетекші мамандары жүргізуде. Кеңестер «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының қаржылық қолдауымен іске асырылатын «Атырау облысында ерте араласу» бағдарламасын енгізу жобасы шеңберінде өткізіліп отыр. 

-Ерте араласу - болашақ баланы қалыптастырудың кілті. Біз ата-аналар мен балаларға салауатты даму үшін мықты іргетас құруға көмектесуге дайынбыз және осы бағдарламаны іске асыруда «БолашақК» ҚҚ-мен ынтымақтасқанымызға қуаныштымыз. Бұл біздің ауданымыз үшін ерекше маңызға ие,- деді Жылыой аудандық ауруханасы емханасының бас медбикесі Айтгүл Өтебайқызы. 

Осы жоба бойынша биыл жыл басынан бастап Жылыой орталық аудандық ауруханасының емханасы жане №1, №7 пилоттық емханалары мамандарын «ерте араласу» бағдарламасының әдістемелеріне және жас балалардағы дамуындағы бұзушылықтарды ерте анықтауға оқыту жүргізілген болатын. 

-Ерте араласу жобасын біз осы жылдың басынан бастап «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен жүзеге асырып келеміз. Мамандарды ерте жастағы балалардағы бұзушылықтарды ерте анықтауға үйретуден басқа, жобаның негізгі кезеңі – балаларға тікелей кеңес беру және оңалту. Бүгінгі күнге дейін пилоттық емханаларда 6000-нан астам бала тегін кеңес алды. «Болашақ» оңалту орталығында 35 бала оңалтудан өтті,- деді «БолашақК» оңалту орталығының невролог-дәрігері Жаннат Ульжитаева.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Жылыой ауданы #емхана
Объявления
live comments feed...