• Главная
  • Облыс әкімі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовпен кездесті
12:00, 26 сентября 2023 г.

Облыс әкімі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовпен кездесті

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында  цифрлық креативті индустрияны дамыту, сала мамандарын дайындау, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, қаладағы ескі ғимараттарды қайта жаңғырту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Тимур Бекмамбетов креативті индустрияны дамыту үшін сала мамандарын даярлау жобасымен таныстырды.  Сондай-ақ қала тұрғындары мен әкімшілік қызметкерлерімен пікір алмасып, қаланың жайлылығын дамыту бойынша ұсыныстар берді.

Жиында аймақ басшысы Серік Шәпкенов Голливудты бағындырған атыраулық кинорежиссерге ілтипат білдіре отырып, облыстың мәдениет саласын дамытуға бағытталған жұмыстарға қажетті қолдау көрсететінін айтты. 

Сонымен қатар жиын аясында облыста жүзеге асыратын жобаларға жауапты басшы ретінде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевті бекітті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Облыс әкімі #Тимур Бекмамбетов #кино
Объявления
live comments feed...