10:00, 25 сентября 2023 г.
Атырауда «Менің жетістіктерім - менің нәтижем» ұранымен кіші аяқдоптан Кубок өтті
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Еңбек күніне арналған «Менің жетістіктерім - менің нәтижем» ұраны аясында Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің» ұйымдастыруымен спортшылар арасындағы кіші аяқ доптан Кубок болып өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Бұл кіші аяқдоп мектебіміздің спортшылары арасында болып жатыр. Мектепте қазіргі таңда 17 спорт түрі бар. Сайыс еңбек күніне арналып ұйымдастырылып отыр. Осыған байланысты спортшыларымыздың еңбегін бағалау және олардың тек күрес немесе бокстан ғана емес, кіші аяқдоптан да мықты екенін көрсету мақсатында өткізілді,- деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің» директоры Данияр Юсупов.
Спортшылар арасындағы кіші аяқ добы Кубогіне барлығы 17 команда қатысты. Олар «Муайтай», «ММА», «Панкратион», «Каратэ киокушинкай-кан», «Қоян-қолтық ұрыс», «Қазақ күресі», «Джиу-джитсу», «Каратэ шинкиокушинкай», «Каратэ ВКФ», «Самбо», «Грэпплинг», «Белбеу күрес», «Кикбоксинг», «Номад ММА», «Жауынгерлік самбо», «Пенчак Силат», «Таеквандо ГТФ» командалары.
Нәтижесінде, 1 орынды Панкратион, 2 орынды Кикбокс, 3 орынды Самбо спортшылары құрама командасы алды. Сондай-ақ Панкратион командасының ойыншысы Тоқтар Рафхат «Үздік ойыншы», Кикбокс командасының ойыншысы Азамат Өтемісов «Үздік шабуылшы», Самбо командасының ойыншысы Айдынбай Қайырберді «Үздік қақпашы» номинациясын иеленді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:15
Вчера
14:29
Вчера
Объявления
live comments feed...