• Главная
  • Атырау қаласында су құбырларындағы 67 бұранда (вентиль) мен ысырмалар (затвор) ауыстырылды
10:00, 23 сентября 2023 г.

Атырау қаласында су құбырларындағы 67 бұранда (вентиль) мен ысырмалар (затвор) ауыстырылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы «Атырау облысы Су арнасы» КМК директордың өндіріс бойынша орынбасары Ғасыржан Лекеров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ғ.Лекеровтің айтуынша, бұл іс-шаралар сумен жабдықтау желілеріндегі апаттық жағдайлардың санын азайту үшін және техникалық су ысыраптарының көлемін азайту мақсатында жүргізілуде. Сондай-ақ ол, өңдеу жұмыстары жүріп жатқан мөлтек аудандарды атап өтті.

- Су құбыры желілеріне 19 бірлік Д-100 мм бұранда Қызылбалық, Жұмыскер ауылдары, Ширина, Сарықамыс, Балықшы ықшам аудандары мен Құрманғазы көшесінде орнатылды. Сонымен қатар, 13 бірлік көлеміндегі Д-150 мм бұранда ауыстыру жұмыстары Мирный, Балықшы, Жұмыскер елді мекендері мен Құрманғазы көшесінде атқарылды. Оған қоса 17 бірлік көлемінде Д-200 мм бұранда Мирный, Тұрғындар қалашығы, Азаттық даңғылы мен Баймұханова көшесіне орнатылды. Және 5 бірлік Д-250 мм бұранда Нұрсая, Мирный, Өркен-2 ықшам ауданы мен  С.Бейбарыс даңғылы бойында жасалды,- деді Ғ.Лекеров.   

Оның айтуынша, 4 бірлік көлемінде D-500 мм ысырмаларды ауыстыру жұмыстары Перетаска, Балықшы, Нұрсая шағын ауданында іске асырылған. Ал 9 бірлік көлемінде D-600 мм ысырмаларды ауыстыру жұмыстары С.Бейбарыс даңғылы, Элеваторная, Атамбаев, Құрманғазы көшелері, Лесхоз-2, Нұрсая ықшам ауданында жүзеге асқан.

Сонымен қатар «Атырау облысы Су Арнасы» КМК күз және қыс айларына дайындық жұмыстарын қарқынды түрде жүзеге асыруда. Атап айтсақ, ұзындығы 64 метрді құрайтын су құбырларына, апатты кәріз учаскелеріне және су ұңғымалары мен кәріздік құдықтарға жөндеу және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ сорғылар,  бұрандалар мен қақпақшалар ауыстырылды. Жылу құбырларындағы ажыратқыштар қайта қаралып, жылу алмастырғыштарды тазалау, бетон қақпақтарын және су құбыры мен кәріз ұңғымаларын жабу жұмыстары атқарылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #ысырмалар #ысырмалар #су құбыры желілері
Объявления
live comments feed...