• Главная
  • Биыл жергілікті салықтар бойынша түсім 22%-ға артқан
16:00, 22 сентября 2023 г.

Биыл жергілікті салықтар бойынша түсім 22%-ға артқан

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Қазір жергілікті салықтар 44 миллиардқа артық орындалып отыр. Жыл басында орындалуы тиіс 203 млрд теңге түсім жоспары 248 млрдқа артық түсіп, яғни, түсім 22%-ға арттық орындалды. Оның ішінде мүлік салығы - 36%-ға, ал көлік салығы 17%-ға артқан. Бұл туралы Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұрболат Сарманов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жергілікті салықтар бойынша түскен түсім алдыңғы жылмен салыстырғанда 74 млн теңгеге көбейген. Оның ішінде көлік салығы 14 млн, мүлік салығы 59 млн теңге артық түскен. Көрсеткіш жақсы болғанымен салыққа салғырт қарайтындар аз емес. 

— Жыл басынан бері жергілікті салықтар бойынша 400 млн теңге берешек болатын. Қазір бұл көрсеткіш 50%-ға азайып отыр. Ашып айтсам, көлік салығы бойынша – 4900 адамнан 244 млн теңге берешек болса, мүлік салығынан 5300 адамнан 24 млн және жер салығынан 1400 адамнан 2 млн теңге берешек бар. Бұл көрсеткіш жыл басымен салыстырғанда біраз төмендеген. Осы мәселе төңірегінде басқарма тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр, - деді Н.Сарманов.

Сондай-ақ ол, тұрғындар өз берешегі туралы нақты ақпаратты «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы білуге болатынын атап өтті. Сонымен қатар қосымша арқылы азамат өз берешегі туралы ақпаратты білуге немесе салық төлеу барысында жасалған артық төлемді қайтарып алу мүмкіндігі бар. 

Айта кетейік, алдағы 1 қазан күні өткен жылғы мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #салықтар
Объявления
live comments feed...