10:00, 16 сентября 2023 г.
Атырауда екі инватакси көлігі пайдалануға берілді
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
«Теңізшевройл» ЖШС Облыстық мүгедектерді оңалту орталығы мен №3 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына әрбірінің құны 33 млн теңге тұратын шағын автобустарды сыйға тартты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Jac Sunray» маркалы көліктер толықтай жабдықталған және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қауіпсіз тасымалдауға бейімделген. Шағын автобустардың әрқайсысына 6 жолаушы отыра алады. Сондай-ақ екі мүгедектер арбасына арналған арнайы бекіткіштері және күші 300 кг-ға дейін жүк көтергішпен жабдықталған.
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарлама басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов бұл көліктер әлеуметтік орталықтар үшін үлкен көмек екеніне тоқтала отырып, облыс әкімінің қолдауымен Атырау қаласының мүгедектігі бар адамдар үшін 5 мамандырылған инватакси көлігін жыл аяғына дейін сатып алу жоспарланғанын атап өтті. Бүгінде Мемлекеттік сатып алу процестері жүргізілуде.
- Жалпы облысымызда 23 мыңнан астам мүгедектігі бар адам бар. Облыста 66 инватакси болса, енді міне олардың қасына тағы екі көлік қосылып жатыр. Биылдың өзінде біз 3 арнайы жабдықталған инватаксиді сатып алдық. Жылдың аяғына дейін 5 арнайы инватакси қызметі сатып алынады. Алдағы уақытта облысымызға 10-нан астам арнайы жабдықталған көлік қажет. Инватаксилер көмегімен біз осы қызметтегі барлық мәселелерді шеше аламыз. Бұл функциялардың ең басты қызметі - облыстағы мәдени әлеуметтік нысандарға, одан бөлек мәдени шараларға барады. Ауруханаларға және білім беру саласындағы көптеген сабақтарға және балаларымызды қажетті жерлеріне жеткізеді. Бұл инватаксилер тек арнаулы қызмет көрсету орталықтарына арналған. Ал үй жағдайындағы 2000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандарға 66 инватакси қызмет атқарады, оның ішінде 12-сі арнайы жабдықталған, - деді А.Мәмбетов.
Айта кетейік, бұған дейін осындай инватакси Жылыой ауданына сыйға тартылған болатын. Жыл басынан бері Теңізшевройл Атырау облысына 2 миллион АҚШ долларынан астам қаржыға демеушілік көмек көрсетіп отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
15
12:31, 2 декабря
53
live comments feed...